Алматыда «Бишарашки в Таиланде» фильмінің премьерасы өтті

Алматыдағы Imax Kinopark 16 кинотеатрында  «Бишарашки в Таиланде» фильмінің премьерасы өтті. 

Соның аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер  Жан Байжанбаевқа  арналған жұлдызды қабырға ашылды. Салтанатты іс-шараға біздің түсірілім тобы да қатысты.

Жан Байжанбаевтың есімі көременге жақсы таныс. «Тоғысқан тағдырлар» сериалында, «Анель» және «Ағайындылар» сынды 80 ге жуық картинаға түсті. Ол «Тайгер Фильмс» продюсерлік компаниясы түсірген «Тайландтағы Бишарашки» фильмінде  Әділет рөліне қайта оралды. Балалы болуды армандаған ерлі-зайыптылар Тайландқа емші іздеп барып,  шытырман оқиғаларға тап болады.

Зухра Сайпи, актриса:

«Қызықты сәттер өте көп болды. Бірақ Таиландта түсіргеннен кейін өзіндік қиындықтары да болды десем болады. Өйткені біз мұндай условиеде жұмыс жасап көрмегеннен кейін кішкене гримерларға, костюмерлерге қиын болды десем болады».

Киноның негізгі бөлімі Самуи аралында түсірілді. Режиссері бұған дейін бірнеше фильм түсірген Бақыт Қадер.

Бақыт Қадер, режиссер:

- «Тайгер Фильмс» үлкен компания болғандықтан жылына олар елу шақты кино түсіреді. Сондықтан да кино түсіру олардың мамандықтары болғаннан кейін біздер киноға үлкен бір бөгет болатындай ситуациялар кездестірген жоқпыз. Барлығы да ойдағыдай болды».

Фильмге  Таиландтағы танымал актер Пачарапон Жантиенг те қатысты. Сондай-ақ басты рольдерде Әсел Сағатова мен Еркебұлан Тоқтар ойнайды. Фильм 26 желтоқсаннан бастап көрсетіле бастайды. 

А.Садуақас, Э.Кон