Елордада Ұлттық ұланның 33 жылдығына арналған гала-концерт өтті
Ұлттық ұланға 33 жыл толды. Елордада әскери құрылымның құрылғанына арналған гала-концерт өтті, деп хабарлайды 24kz.
Мерекелік шарада гвардия ансамблінің өнерпаздары әскери-патриоттық әндерді әуелете шырқап, театрландырылған қойылымдар қойды. Сонымен қатар отандық эстрада әншілері де өнер көрсетті. Әскери қызметшілердің отбасылары, ішкі істер органдарының, басқа құрылымдардың ардагерлері, кеш қонақтары қатарынан табылды.
Ниязтай Әлкешов, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы оңтүстік өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары:
- Осы 33 жыл ішінде Ұлттық ұланда талай өзгерістер болды. Қазір заманауи техникамен қару-жарақпен қамтамасыз етілген. Жеке құрамның атқарып жатқан қызметтері күрделі. Біздің сарбаздар күнделікті қалада қоғамдық тәртіпті күзетеді. Көптеген қоғамдық саяси, спорттық шараларда күзетеді.