Қазақстанда қос музейге ұлттық мәртебе берілді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына «Ұлттық» мәртебе берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына «Ұлттық» мәртебе берілсін.
- Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев.
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 30 қаңтар