Келіссөз. Еңбек қауіпсіздігін арттыру жұмыстары

4d-developments.co.uk

Соңғы жылдары өндіріс орындарындағы оқыс оқиғалар көбейіп кетті. Астанада ағымдағы жылдың 8 айында 42 жазатайым оқиға орын алған. Өткен жылы осындай 60-қа жуық келеңсіз жағдай тіркелді. Оны еңбек инспекторларының салғырттығынан деуге бола ма? Қазақстанда еңбек инженерлерінің қауіпсіздігі қаншалықты қорғалған?

Еңбек қауіпсіздігіне толықтай жауап беретін мамандардың статусын жоғарлату үшін, олардың біліктілігін де арттыру керек. Осы орайда жуырда ғана есігін айқара ашқан Азия елдері және Қазақстан Республикасы бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік қауымдастығы талай мәселенің түйінін тарқатпақ. Еліміздің еңбек инспекторларының басын бір арнаға тоғыстыратын ұйымның берері не болмақ?

Бағдарлама қонақтары Азия елдері және Қазақстан Республикасы бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік қауымдастығының директоры Нәбиболла Досболов және ҚР ДСӘДМ Еңбекті қорғау комитетінің басқарма басшысы  Сәрсен Дүйсеновпен осы тақырыпты талқыға саламыз.