Көкшетауда карантинге қарамастан сауда орталықтары жұмыс істеген

Көкшетауда карантинге қарамастан сауда орталықтары жұмыс істеген

Көкшетауда өткен демалыс күндері шектеуге қарамастан жұмыс істеген 9 сауда орталығы анықталды.

Эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары оларды кезекті мониторинг барысында әшкерелеген. Карантин ережелерін бұзған кәсіп иелеріне енді 670 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Арасында тіпті бірнеше ірі сауда нысаны да бар. Ал олар айыбын мемлекет қазынасына 4 жарым млн теңгеден аса қаражат беру арқылы өтейді. Егер екінші рет дәл осындай заң бұзушылыққа жол берсе, бизнесі уақытша жабылуы да мүмкін.

Айта кетейік, қазір Ақмола облысы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл аймақта». Ал өңірде инфекциялық ауруханалардағы төсек-орынның 65 проценті толған.

Қанат Ысқақов, қаланың бас санитар дәрігері:

- Стационарларда 380 адам жатыр. Олардың 28-і ауыр, ал, үшеуі өте ауыр халде. Сондықтан халықтан шектеулерге бей-жәй қарамауын сұраймыз. Маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауды және көпшілік жерлерге бармау қажеттігін тағы да ескертеміз.