Астыртын ойынхана ұйымдастырған алматылық сотталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы қаласында астыртын ойынхананың қызметін ұйымдастырушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады.

Тергеу барысында Алматы қаласының тұрғыны заңсыз ойын бизнесін (электронды ойынхана) ашып, оның қызметін ұйымдастыру арқылы 31,1 млн теңге көлемінде заңсыз табыс тапқандығы дәлелденді.

ҚР «Ойын бизнесі туралы» заңнамасының 6-бабы 2-бөлігіне сәйкес Қазақстан территориясында электронды және интернет ойынхананың қызметіне рұқсат етілмейді.

«Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізген тексеріс барысында аталған азамат 4 ойын терминалын және 52 компьютерлік техника орнату арқылы ұтыс беретін құмар ойындарын, яғни электронды ойынхананың қызметін ұйымдастырып келген.

Сот үкімімен ойынхананы ұйымдастырушы азамат ҚР ҚК 307 3 б. 2 т. бойынша (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру, аса ірі көлемде) кінәлі деп танылып 4 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген ҚР ҚМ ҚМК баспасөз хабарламасында.