Биыл халық санағы екі түрлі әдіспен жүргізіледі

Биыл елде халық санағы екі түрлі әдіспен жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқысы электронды негізде, ол үшін sanaq.gov.kz арнайы сайты іске қосылады. Ресми ресурстағы виртуалды көмекші арқылы құжаттар онлайн толтырылып, тиісті мәліметтер жинақталады. Ал екінші әдіс – дәстүрлі. Жауаптылар үй-үйді аралап, халық санағын 1-30 қазан аралығында жүргізеді. Қазір ұлттық санаққа қатысты іс-шаралар жоспары, мүдделі мемлекеттік органдарға және облыс әкімдіктеріне келісуге жіберілді.