БҚО-да мың адамға вакцина жеткізілді

Батыс Қазақстан облысында қатерлі індетке қарсы вакциналау басталды.

Қазір өңірге 1 мың адамға жететін вакцина әкелінген. Екпе бірінші кезекте жұқпалы аурулар ауруханалары мен қарқынды терапия бөлімшелерінің дәрігерлері, жедел жәрдем қызметкерлері мен емханадағы мамандарға салынады. Вакциналаудан өткен адамдар 3 күн бойы дәрігер бақылауында болады. Жаппай вакциналаудың алғашқы күні 30 адам, ал бүгін тағы 65 адамға екпе егілді. 10 ақпанға дейін күн сайын 70 медицина қызметкерін вакциналау жоспарланып отыр.  

Айдар Нұрәлиев, облыс әкімінің орынбасары:

– Мен әркез ғылымға сенім артамын. Ал бұл вакцина бірнеше сынақ шараларынан өтті ғой, сондықтан вакцинаны алып әрі қарай бір жерден ауру жұқтырып алудан қорықпай тыныш өмір сүру керек деп ойлаймын.