Профессор: Вакциналар арасында айырмашылық жоқ

«Қазақстан «Спутник V» вакцинасына қатысты дұрыс стратегиялық шешім қабылдады», - деп санайды Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы директорының орынбасары Денис Логунов.

«Сонымен қатар тиісті технологияны қолданып, вакцинаны кез келген елде шығаруға болады», - дейді ғалым. Жоғарғы деңгейдегі мамандардың болуы да аса маңызды. Ал, Қазақстанда мұндай мүмкіндік бар екенін де тілге тиек етті. «Спутник V» вакцинасын өндіруге Беларусь, Үндістан, Қытай, Корея елдерінен өтініш келіп түскен. Ұзын саны 16 мемлекет осы екпені қолдана бастады. Оны 20 градус төмен температурада 8 айға дейін сақтауға болады екен.

Денис Логунов Н.Ф.Гамалея атындағы ЭМҰЗО директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары:

- Қазақстан өз вакцинасын шығаруға мүмкіндігі бар. Бастысы, вакцина өндірісінің сапасына жеткілікті бақылау жүргізілу қажет. Мысалы, Ресейде бақылау алдымен өндірістік алаңда жүзеге асырылады, содан кейін Гамалея орталығының авторлық бақылауы, содан кейін сапаны мемлекеттік бақылау жүзеге асырады. Осылайша, үш кезеңдік сапа бақылауы өтеді. Осыдан кейін ғана вакцинаны қолдануға таратуға болады. Қазақстанда да осы қағидат бойынша іске асырылады деген ойдамын. «Спутник V» вакцинасын тасымалдау үшін және ұзақ уақыт сақтау үшін қандай да бір ерекше жағдай жасаудың қажеті жоқ.

Сондай-ақ...