Алдағы үш жылда құқық қорғау саласы қызметкерлерінің жалақысы 30% өседі

Бұл туралы Сенат қабырғасында өткен Үкімет сағатында ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев айтты.

Әсіресе, сержант, учаскелік полиция және күзет мамандарының айлығы айтарлықтай артады. Шамамен 15 проценттен 58 процентке дейін көтеріледі. Сондай-ақ тұрғын үй алу үшін берілетін өтемақыға 23 мыңға жуық қызметкер иек арта алады. Саладағы өзгеріс бір бұл емес. Алдағы уақытта учаскелік инспектордың құзыретін кеңейту көзделіп отыр. Қазір ел бойынша олардың саны 6 мыңға жуықтайды. Тағы 3 мыңдай маман қажет дейді Ерлан Тұрғымбаев. Статистикаға сүйенсек, қылмыстың 60 проценті облыс орталығында жасалады. Сондықтан учаскелік бекеттердің санын көбейтіп, ауыл-аймақта учаскелік инспектордың көмекшісін тағайындау жоспарланған.