433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 64 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

  • 101
  • UPD: 10:43, 16.03.2021
Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 64 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

2021 жылғы қаңтар-ақпан айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 51 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына 13,5 млрд теңге жұмсалды.

2021 жылғы ақпанда республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге 25,6 млрд теңге, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша 6,8 млрд теңге бағытталды, деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

1 наурыздағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 520,8 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 167,2 мың адамды құрайды.

Мүгедектік және асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауында болған адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

1 наурыздағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 49 211 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 40 976 теңгені құрайды.

Хабар 24 телеарнасы