Астанада бір тәулікте 87 жол апаты тіркелді

Өткен тәулікте елордада 87 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жолаушылар автобусы Қорғалжың тас жолы бойында көктайғақ салдарынан «Лада гранта» маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ сағат 08:05 шамасында Тілендиев даңғылы бойында маршруттық автобустың жүргізушісі рульді басқара алмай, жеңіл автокөлікпен және үлкен жүк автокөлігімен жол көлік оқиғасына тап болды.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді. Автобус жүргізушісіне медициналық көмек қажет болған. Полиция департаменті жүргізушілерді қозғалыс кезінде абай болуды, жылдамдық режимі мен қауіпсіз қашықтықты мүлтіксіз сақтауды сұрайды.