Жойқын торнадо Алабамадағы бірнеше қаланы қиратты

Жойқын торнадо Алабамадағы бірнеше қаланы қиратты

АҚШ-та соққан жойқын торнадо Алабама штатындағы бірнеше қаланың тас-талқанын шығарды. Табиғаттың тосын мінезінен 5 адам мерт болып, ондаған тұрғын зардап шекті.

Құйын электр желілерді үзіп, ғимараттар мен баспаналарды қиратып тастаған. Салдарынан жергілікті халық жарықсыз қалды. Қатты желден ағаштар көліктердің үстіне құлап, тас жолдарды жауып тастаған. Қазір апат болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Мамандар құйыннан келген шығын мөлшерін есептеуге кірісіп кетті.