Топар көлдер жүйесіндегі балықтардың қырылу фактісі бақылауға алынды

1 сәуірде Балқаш – Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Топар көлдер жүйесінде (Алматы облысының Балқаш ауданы) балықтардың қырылу фактісін анықтады.

Осы көлдер жүйесінің су айдындары «Заготпушнина» ЖШС балық шаруашылығы мен «Патриот» АБҚБ субъектілеріне бекітілген, деп хабарлады Экология министрлігінің баспасөз қызметі.

Мұндай жағдайда өзара іс-қимыл схемасына сәйкес жануарлардың қырылу қаупі және (немесе) өлімі анықталған кезде барлық мүдделі органдар жедел хабардар етіледі.

Балықтың қырылу мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнына Балқаш – Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мамандары мен «Заготпушнина» ЖШС және «Патриот» АБҚБ қорықшылық қызметінің қызметкерлері шықты.

Бұдан басқа, «балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, Алматы облысы бойынша экология департаменті, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы қызметкерлері зертханалық зерттеулер жүргізу үшін су мен балық сынамаларын алу мақсатында жолға шығады.

Өңірдегі жағдай ерекше бақылауға алынды.

Сондай-ақ...