Маңғыстау облысында вакциналау науқаны қарқын алды. LIVE

Маңғыстау өңірінде халыққа екпе салу екпін алды. Коронавируске қарсы дәрілік препарат бұған дейін дәрігерлер, мұғалімдер мен полиция қызметкерлеріне салынған еді. Ал дүйсенбіден бастап аймақта жаппай егу шаралары жүріп жатыр. Тіпті жекелеген емханаларда ұзын сонар кезек болған күндер де болды.

- Covid-19 вирусынан сақтану үшін халықтың екпе салдыруға ынтасы күрт артқанын байқап отырмыз. Ал оған вакцина жеткілікті ме?

Талғат Исламұлы, тілші:

- Ақ халаттылардың айтуынша, вакцина жеткілікті. Маңғыстаулықтар Қарағандыда жасалған «Спутник V» препаратын жаппай салдырып жатыр. Осы сәуір айы аяқталғанша аймаққа 40 мың доза келетіндігі айтылып жатыр. Алдағы уақытта тағы 70 мың вакцина жеткізілуі тиіс. 

Соңғы күндері Ақтауда емханаға ұжым болып келіп екпе салдыру белең алды. Журналистер, түрлі кәсіпорын, мекеме қызметкерлері егу кабинеттеріне бір уақытта барып жатыр. Халыққа екпе салудың қарқын алғаны содан-ақ байқалады. Осыдан екі күн бұрын қала іргесінде зауыт қызметкерлері вакцина алуға ниетті екенін басшылыққа айтады. Олар өз кезегінде дәрігерлерге хабарласады. Ақырында әлгі кәсіпорында жүрмелі егу шарасы ұйымдастырылды. 107 адамға вакцина салынған.

Біз қазіргі сәтте Ақтау қалалық №2 емханада жүрміз. Бұл емдеу мекемесінде егу кабинеті бар. Демалыс күні болғанына қарамастан осында келіп, екпе салдырып жатқан тұрғындардың аз еместігін көрдік. Тілдесіп, хал-жағдайын сұрадық. Бірге тыңдайық.

Талғат Исламұлы, тілші:

- Таңнан бері дәл осы жерге 20-ға жуық адам келіп екпе салдырды. Жалпы аймақ бойынша 10 егу кабинеті бар екенін білеміз. Ал олардың қайда орналасқанын облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілінен сұрайық.

Вакцина салдыру үшін маңғыстаулықтар қайда баруы керек? 

Нұрбол Оқуов, денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Талғат Исламұлы, тілші:

- Көрерменге қажет ақпаратпен бөліскеніңізге рахмет. Карантиндік шектеу шараларына қарамастан кешелі бері Маңғыстау өңірі де «сары аймаққа» кірді. Сәуір басталғалы 219 адам вирус жұқтырды. Бір тәулікте 40-тан астам жағдай тіркелгені айтылып жатыр. Осыған орай халықты қоғамдық орында арақашақтық сақтап, маска тағып жүруге, той-садақаға барудан бас тартуға кеңес береміз. Денсаулық өзіңізге керек, аурудың алдын алған жөн.