427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирустан емделіп жатқан 162 науқастың жағдайы өте ауыр

  • 224
  • UPD: 12:20, 10.04.2021
Коронавирустан емделіп жатқан 162 науқастың жағдайы өте ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан науқастардың хал-жағдайы туралы мәлімет ұсынды. 

10 сәуірдегі мәлімет бойынша, қазіргі уақытта короновирустан 31 360 адам (30 640 КВИ+ және 720 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 11 505 пациент стационарда, 19 855 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 523 адамның жағдайы ауыр;

- 162 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 95 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

coronavirus2020.kz

Хабар 24 телеарнасы