«Бекіре-2021»: Оралда екі жарым тонна балық тәркіленді

Оралдық полицейлер «Бекіре» жедел алдын алу шарасы кезінде 2 жарым тонна балық тиеген көлікті ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бударин ауылының маңында Газель көлігін тексерген кезде жүргізушіде ешқандай құжат болмай шықты. Қазір тәркіленген балық істің мән-жайы анықталғанға дейін уақытша сақтауға қойылды. Кінәсі анықталған жағдайда күдіктіге айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін бостандығы шектелуі мүмкін.

Мөлдір Садырғалиева, облыстық ПД баспасөз қызметінің бас маманы:

-  Бұл жерде айта кететіні, барлық тәркіленген балықтың 50 келіден астамы бекіре тұқымдас балық болатын. Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты ҚК 196-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ...