Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген көлік ұсталды

Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген көлік ұсталды

Жамбылдық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген көлікті ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

29 сәуірде Жамбыл облысының Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолының 395-шақырымында жылдамдық режимін асырғаны үшін, сондай-ақ айдап әкету дерегі бойынша келіп түскен бағдар бойынша Шымкент қаласының 36 жастағы тұрғынының басқаруындағы ресейлік нөмірі бар «Kia K5» маркалы автокөлікті тоқтатты.

Тексеру барысында көліктің Ресей Федерациясында жарияланған халықаралық іздеуде екені анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Қазіргі уақытта «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы аясында «Автоураган» екі аппараттық-бағдарламалық кешені жол-көлік жағдайын жақсарту мақсатында Тұрар Рысқұлов және Шу аудандарына жіберілді.