Жер шетелдіктердің қатысы бар компанияларға берілмейді

Елімізде орман өсіруге жер беріледі.

Бұл норма тек қазақстандықтар мен шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларға қолданылады. Аталған мақсатты көздейтін құжат жақында Сенатта қаралып, кейбір түзетулерімен төменгі палатаға жіберілген болатын. Мәжіліс өкілдері өзгерістерді толық мақұлдады. Яғни, орман өсіруге құқық беретін заң нормалары бекітілді. Негізгі мақсат – жеке орман шаруашылығын дамыту. Алдағы уақытта шетелдіктерге мүлде қатысы жоқ азаматтар мен бірлестіктер осы бағытта жерге иелік етіп, пайдалана алады.