426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қапшағай қаласында браконьерлерден 530 келі балық тәркіленді

  • 147
  • UPD: 10:34, 19.05.2021
Қапшағай қаласында браконьерлерден 530 келі балық тәркіленді

Қапшағай қаласында браконьерлерден 530 келі балық тәркіленді.

Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарында браконьерліктің алдын алу және онымен күресу мақсатында экология, геология және табиғи ресурстар мен ішкі істер министрлерінің арасында Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарында браконьерлікпен күресу бойынша жедел-профилактикалық шаралар жүргізу бойынша қабылданған жоспар және бірлескен бұйрықты іске асыру шеңберінде Қапшағай қаласында балық ресурстарын заңсыз сақтау фактісі анықталды.

Айта кетсек, И. есімді азаматшадан 530 келі балықтың бірнеше түрі, сондай-ақ 140 км (140 000 метр) жуық пайдалануға тыйым салынған балық аулау құралдары (синтетикалық моножіптер мен моноталшық) тәркіленді. Балық ресурстарына келтірілген алдын ала залал көлемі 1 млн 211 мың теңгені құрады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде, рейдтік шаралар жалғасуда.

Ақпарат көзі: ЭГТРМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы