Оқушылар арасындағы төбелес: зардап шеккендер жоқ

Оқушылар арасындағы төбелес: зардап шеккендер жоқ

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында екі мектептің оқушылары арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға орнында 7 адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген. Зардап шеккендер жоқ. Төбелес түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарап жатыр. Жанжал басталған кезде полицейлер де жақын жерде болған екен. Олар оқушыларды тез ажыратып үлгерген.

Рақымжан Ысқақов, Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары:

– Ж.Қалдығараев және Ы.Алтынсарин атындағы мектеп түлектері арасында Тәуелсіздік алаңына суретке түсуге келген болатын. Қақтығыс болғаны рас. 15 минуттың арасында таратылды. Дене жарақаты болған жоқ. Тергеу жұмыстары жүруде. 293-бабы 2-бөлімі бойынша 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалды.

Нұртас Сали, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары:

– Ютуб әлеуметтік желісінде «Бәсе» каналында «Жаңаөзендегі толқу» және сәлден кейін «Бейнеудегі толқу» тақырыбында видеоролик жарияланды. Ол бүгінгі оқиғадан үзінділірден қиып жасалған. Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Облыс тұрғындарын жалған ақпаратқа ермеуді сұраймыз.