Павлодарда еліміздің оңтүстігінен жеткен бақша өнімдерін алуға асықпауға шақырды

Павлодарлық эпидемиологтар еліміздің оңтүстік өңірлерінен әкелінген бақша өнімдерін сатып алуға асықпауға шақырды.

Себебі ерте піскен қауын-қарбыздың құрамында зиянды заттар шамадан асқан. Мамандар жеміс-жидек пен көкөніс сататын сауда нүктелеріне жүргізілген тексеріс нәтижесінен соң осындай шешімге келген. Шұғыл зерттеу барысында өнімдердің құрамында нитраттар анықталды. Ал пияз, картоп пен өзге көкөністердегі нитраттар көрсеткіші нормаға сәйкес болып шықты.

Жібек Қараханова, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушы:

- Бақша өнімдерінің құрамындағы нитраттың мөлшері екі есе көп. Мәселен, қарбыз үшін норма 60 болса, мұндағы көрсеткіш 128. Ал қауындағы көрсеткіш 138. Бұл өнімдерді тұтынбаған жөн. Нитраттар бала ағзасына аса қауіпті. Ағзада жиналып қалса, ауруға шалдығуы мүмкін. Бүгінгі күні тұрғындардың улану деректері тірклеген жоқ. Дегенмен, сақ болған жөн.