7 шілдеден бастап Алматы облысында карантин күшейтіледі

Шілденің 7-нен бастап Алматы облысында карантин тәртібі күшейтіледі.

Өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, ойын-сауық, бұқаралық іс-шара, көрме, конференциялар мен отбасылық мерекелерді өткізуге тыйым салынған. Сонымен бірге букмекерлік кеңселердің жұмысы тоқтатылады. Адам көп шоғырланатын жерлерде, яғни такси, әуежай, балалар алаңы, сауда орындарында дезинфекция жасау міндеттеледі. Автобус паркі, көліктерді рейске шығармас бұрын тиісті зарарсыздандыру жүргізуі тиіс.