БҚО-да ауыл әкімдерінің сайлауына 82 кандидат тіркелді

Батыс Қазақстан облысында ауыл әкімдерінің сайлауына 82 кандидат тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саяси науқан 31 округте өтеді. Кандидаттардың арасында 6 әйел бар. Ең көп сайлаушылар Теректі ауданындағы Подстепное ауылында. Мұнда 6,5 мың адам дауыс беруге құқылы. Бүгінгі таңда кандидаттардың үгіт-насихат жүргізу жоспары бекітілді. Бұл шараларды жүзеге асыру бағытында әр үміткерге бюджеттен 210 мың теңгеден бөлінген.

Ғайса Қапақов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- 63%-і кандидаттардың ауылдық жерлерде тұрады, сол ауылда. 29%-і сол ауданда тұрады. 6%-і тек осы облыс көлемінде тұрады. Бізге басқа облыстан келіп, тіркеліп, ауыл әкімі боламын деген азаматтар тіркелген жоқ. Тіркелген азаматтардың көпшілігі жоғары білімді. Әртүрлі саланы қамтиды. Соның ішінде заңгерлер де бар, экономистер де бар, мұғалімдер де бар, ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері бар.