Германияда әскери апат режимі енгізілді

Германияда әскери апат режимі енгізілді

Германияның батыс бөлігінде болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 80-нен асты.

Тағы 1300-дей кісі із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері хабарлап жатыр. Өз кезегінде, полиция қызметкерлері бұл санның әлі де артуы мүмкін екенін айтады. Табиғат апатынан ең көп Рейнланд-Пфальц пен Солтүстік Рейн-Вестфалия өңірлері зардап шекті.

Қазір аталған аймақтарда төтенше жағдай жарияланған. Билік өкілдері апат салдарын жойып, қалпына келтіру жұмыстарына 50 миллион еуро қаржы бөлді.