Covid-19: елордада қоғамдық орындарға барған науқастардың тізімі жарияланды

Covid-19: елордада қоғамдық орындарға барған науқастардың тізімі жарияланды

Нұр-Сұлтан әкімдігі «қызыл» статусы бола тұра оқшаулау тәртібін бұзғандардың тізімін жариялады.

Елордада 18 тұрғынға үйде оқшаулау тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікті көздейтін хаттама жасалды, тиісінше 87 510ТГ (30 АЕК) айыппұл салынды. COVID-19 бойынша ПТР тесті оң нәтиже көрсеткендер қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» жүйесі арқылы жұмыс істейтін нысандар қызметін пайдалануға тырысты.

Осыған байланысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үй карантиніндегі адамдардың оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырады. Себебі, эпидемиологиялық ауыр күндерде тәртіпті сақтау – әрбір адамның азаматтық міндеті. Бұл тек өзі үшін ғана емес, өз балаларының, отандастарының және бүкіл қоғамның денсаулығы, өмірі мен әл-ауқаты үшін де жауапкершілік.

Сондай-ақ «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлер тиісті шарттарды сақтауы тиіс. Бұл қала тұрғындарын коронавирустық инфекцияны жұқтырудан қорғайды.

Нұр-Сұлтанда «қызыл» статусы бола тұра 14 күндік үй карантинін бұзғандар тізімі: 

  1. Купряшин Дмитрий Сергеевич – Байқоңыр ауданы;
  2. Жораев Асан Бахадырұлы – Байқоңыр ауданы;
  3. Момынқұлов Үсен Беренбайұлы – Байқоңыр ауданы;
  4. Баялинов Данияр Төлеутайұлы – Байқоңыр ауданы;
  5. Қабылбекова Динара Әмірқызы – Байқоңыр ауданы;
  6. Джаналиева Азель Куашишбековна – Есіл ауданы;
  7. Аманжолова Арайлым Маратқызы – Есіл ауданы;
  8. Сандыбаев Дархан Зиятұлы – Сарыарқа ауданы;
  9. Қонысбай Кәмшат Ермұратқызы – Сарыарқа ауданы;
  10. Сәкен Мейрамгүл – Сарыарқа ауданы;
  11. Үсенбаева Гүлнәр Алтайкызы – Сарыарқа ауданы;
  12. Құсайынов Асхат Мұратбекұлы – Алматы ауданы;
  13. Турдинова Мариям Исакановна – Алматы ауданы;
  14. Аяпбергенова Мадина Нұржанқызы – Алматы ауданы;
  15. Пардабекова Ақерке Тайланқызы – Алматы ауданы;
  16. Дәулетханова Әйгерім Ерланқызы – Алматы ауданы;
  17. Сартекова Аймагүл Қайырқызы – Алматы ауданы;
  18. Ғизатов Зуфар Ринатұлы – Алматы ауданы.