СҚО-да коронавирус жұқтырғандар саны үш есе өсіп кетті

Солтүстік Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны үш есе өсіп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы екі аптада өңірде бір жарым мыңға жуық адам дерт жұқтырған. Осыған байланысты қалада қосымша стационар ашылды. Қазір бірінші аурухана қайта құрылып, науқастарды қабылдай бастады. Сонымен қатар Мағжан Жұмабаев атындағы колледждің жатақханасы да науқастар үшін дайындалып жатыр.

Құмар Күсемов, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазір облыс бойынша 1200 стационарлық төсек бар. Оның тең жартысы бос емес. Ауырып жатқан адамдар өте көп. Керек болса, тағы да қосымша орындар ашылады.