425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

LinkedIn өкілдері Қазақстанда әлеуметтік желі бұғатталуына қатысты пікір білдірді

  • 208
LinkedIn өкілдері Қазақстанда әлеуметтік желі бұғатталуына қатысты пікір білдірді Tengrinews.kz

Іскерлік байланыстарды іздеу және орнатуға арналған Linkedln әлеуметтік желісінің басшылығы Қазақстанда интернет-ресурстың бұғатталуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Хабар 24 Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Біздің желіде құмар ойындарды жарнамалауға, жалған парақшалар ашуға тыйым салатын нақты ережелер бар. Сондықтан қазір тергеу жүргізіп жатырмыз. Басты мақсатымыз платформаны пайдаланушылар үшін қауіпсіздікті, сенімділікті және кәсіби тәжірибені қамтамасыз ету», – деді компания.

Қолданушылар LinkedIn-ге кеше, 26 шілденің кешінен бастап кіре алмаған. 

«Талдау барысында LinkedIn интернет-ресурсында интернет-казиноларды жарнамалауға және нақты адамдардың атынан жалған парақша ашуға байланысты бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Мұндай материалдарды орналастыру Қазақстан заңнамасының талаптарына ғана емес, LinkedIn интернет-ресурсының ішкі ережелеріне де қайшы келеді», – деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Министрлік LinkedIn интернет-ресурсының әкімшілігіне заңбұзушылықтарды жоюды және жойылған тиісті материалдар бойынша шаралар қабылдауды талап ететін хабарлама жіберген.

Хабар 24 телеарнасы