Вакцинаның бірінші компонентін 15 тамызға дейін қай ұйымдар алуы керек

Вакцинаның бірінші компонентін 15 тамызға дейін қай ұйымдар алуы керек

Қазіргі уақытта елордада КВИ вакцинасының бірінші компонентін 348 мыңнан астам адам алды, ал 261 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті.

Пандемиямен күресте вакцинацияның маңыздылығын елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова онлайн брифингте айтып өтті, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың бас санитарлық дәрігері 15 тамызға дейін жұмыс берушілер өз қызметкерлерін КВИ вакцинасының бірінші компонентін, ал осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін екінші компонентін алып, иммундаудан өткізуі керектігін еске салды. Бұл ретте соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19-бен ауырып жазылғандардың екпе алмауына болады. Бұл халыққа қызмет көрсету нысандары, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, өндіріс, құрылыс нысандары, көтерме және бөлшек сауда, мәдениет және демалыс, жолаушылар тасымалдайтын ұйымдар, қоғамдық тамақтану нысандары, санаторий-курорттық және сауықтыру орындары, денсаулық сақтау, бос уақытты өткізу және т.б. мекемелер қызметкерлеріне қатысты.

«Тағы да еске салғым келеді. Вакцинация қазір коронавирустан қорғанудың ең тиімді әдісі болып қала береді. Уақтылы екпе алу арқылы аурудың алдын алуға және ең бастысы оның салдарын болдырмауға көмектеседі. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тәулігіне орташа есеппен 5000-6000 адамға екпе жасалады», - деді Сархат Бейсенова.

Биыл 4 тамыздағы жағдай бойынша елордада 348 113 адам вакцинаның бірінші компонентін, 261 309 адам екінші компонентін алды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде елордада «Mega Silk Way», «Хан Шатыр», «Керуен», «Абу Даби Плаза», «Азия Парк», «Сарыарқа», «Еуразия» СОО-лар жанында 100-ге жуық екпе кабинеті жұмыс істеп тұр.