Ақтөбеде карантиндік шектеулер күшейтілді

Ақтөбеде эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты карантиндік шектеулер күшейтілді.

Бүгіннен бастап банкет залдары толықтай жабылуы тиіс. Сондай-ақ спорттық шаралар мен түрлі марафондарды ұйымдастыруға қатаң тыйым салынды. Ал сауда-саттық орындары мен ойын-сауық кешендері, театрлар мен кинозалдар, компьютерлік клубтар мен боулинг, биллиард, караоке клубтары «Ашық» жүйесі аясында 20:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Өзге де қоғамдық орындардың жұмыс кестесіне шектеулер енгізілді. Келушілерді QR-код арқылы тексеріп, ережені бұлжытпай орындаған мекемелерге, көшбасшы ретінде кешкі 10-ға дейін қызмет көрсетуге рұқсат берілді. 

Гүлбану Дәулетова, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: 

- Аталып өткен барлық объектілер «Ашық» жобасына кірсе де лидер статусы болса да сенбі, жексенбі күндері жұмыс жасауына тыйым салынады.