Жітіқара тұрғындары: Көшелердегі ой-шұңқырдан аяқ алып жүру қиын

Жітіқара тұрғындары: Көшелердегі ой-шұңқырдан аяқ алып жүру қиын

Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы жолдармен жүру мүмкін емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әбден тозығы жеткен. «Ой-шұңқырдан аяқ алып жүру қиын», - дейді тұрғындар. Шағын қалада 24 кварталаралық жол бар. Соның басым бөлігі жарамсыз күйде екендігін жергілікті билік өкілдері де мойындап отыр. Мұнда ішкі жолдарды жөндеу екі жыл бұрын ғана қолға алынған. Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша былтыр алты жол бөлігі қалпына келітірілді. Биыл тағы бесеуін жөндейміз деп отыр. Бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 140 миллион тенге бөлініпті.

Валерий Кравтов, Жітіқара қаласының тұрғыны:

- Мынау шағын аудан сексенінші жылдардың аяғында салынған. Содан бері абаттандыру жұмыстары жүргізілген емес. Мынау жолмен жүру мүмкін емес. Осыған дейін кедір-бұдыр, шұрқ тесік еді, қиыршық таспен тегістегендей болыпты. Көптеген шағын аудандарда осындай жағдай.

Темір Рамазанов, Жітіқара қаласының әкімі:

- Бұл жұмысты біз кезең-кезеңмен жүргіземіз. Алдағы 3-4 жылда ішкі барлық жолдарды жөндеуден өткізіп боламыз деген ойдамын. Бірінші кезекте жағдайы тым нашар деген кварталаралық жолдарды келтіреміз.