COVID-19: Елордада күніне 300-ге жуық адам ауруханаға түседі

COVID-19: Елордада күніне 300-ге жуық адам ауруханаға түседі

Елордада бір тәулікте коронавирус жұқтырған 300-ге жуық адам ауруханаға жатқызылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Инфекциялық стационарларда қазір 2699 науқас жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов осылай деді. Елорда эпидемиологиялық ахуалға байланысты «қою қызыл аймақта» орналасқан.

«Мобильді бригадаларға күніне 2 мыңға жуық шақырту түседі», - деді басқарма басшысы. Осыған байлынысты бригада саны 300-ге дейін көбейтілді.

Тимур Мұратов, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Вирус агрессивті бола бастағанын атап өтеміз және тек тыныс алу жүйесін ғана зақымдамайды. Мутацияға ұшыраған вирусқа 25 жас және одан да жоғары азаматтар жиі шалдыға бастады. Асқазан, жүйке жүйесінің бұзылуы және буындардың қақсауынан зардап шегіп отыр. Пациенттер ауыр немесе орташа жағдайда түсіп жатыр. Олардың көбі көмекші аппараттарды қажет етеді. Олардың басым көпшілігі екпе алмаған адамдар.