Жарылыс кезінде қозғалысы шектелген пойыз жолаушылары наразылық танытты

Жарылыс кезінде қозғалысы шектелген пойыз жолаушылары наразылық танытты

Тараз қаласының вокзалында өзге қалаға аттанбақ болған жолаушылар не істерін білмей отыр.

Жарылысқа байланысты өңірде теміржол қозғалысы уақытша тоқтаған еді. Кей жолаушылар билетті бір ай бұрын сатып алыпты. Енді оларға автобуспен Ақшолақ станциясына дейін жетіп, сол жерден пойызға отыру ұсынылды. Ал тұрғындардың дені бұған келіспей отыр.

Бұған дейін жарылыстан төрт адамның көз жұмғанын хабарлағанбыз. Көп ұзамай министрлік тағы бір әскери қызметкердің қазасын растадыАл соңғы мәлімет бойынша жарылыс құрбандарының саны 9-ға жетті.

Қ.Тоқаев жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.

Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетіндігі айтылды.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін Шымкенттен «төтеншеліктер» барды. Мамандар әскери қоймада қандай заттардың жарылғанын мәлімдеді.

Осы оқиғадан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Тараздағы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг өтті.