Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны артты

Жамбыл облысындағы жарылыстан оқиға орнында тағы бір адамның қаза тапқаны белгілі болды.

Опат болған азаматтың есімі Нәдірбеков Еркін Ерікбайұлы. Ол 1992 жылы туған. Келісімшартпен қызмет атқарып жүрген старшина. Ол да оқиға орнында тілге келместен кетті.

Бұған дейін жарылыстан төрт адамның көз жұмғанын хабарлағанбыз. 

Қ.Тоқаев жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.

Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетіндігі айтылды.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін Шымкенттен «төтеншеліктер» барды. Мамандар әскери қоймада қандай заттардың жарылғанын мәлімдеді.

Осы оқиғадан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Тараздағы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг өтті.

Осы тақырып бойынша:

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды