«Елорда жастары»: баспана кімге бұйырады?

«Елорда жастары» бағдарламасы осы айдың соңында іске қосылады. Қалалық әкімдік өкілдері осылай сендіріп отыр. Жаңадан қолға алынып жатқан жобаның негізгі шарттары қандай еді? Оған кімдер қатысып, баспаналы бола алады? 

«Елорда жастары» бағдарламасы әзірленіп жатыр дегенде, пәтер жағалап жүрген біраз маман бөркін аспанға атқан еді. Әне-міне үйлі боламыз деп қуанған-ды. Тіпті кейбірі шарттарымен танысып, құжаттарын да қамдап қойған. Жаз келді, іріктеу өтеді деп әкімдікке қарай елеңдеумен жүрді. Ал атқамінерлер ақжолтай ақпарт айтуға асықпады. Сөйтсе, жобаның шикі тұстары болған. Соның кем-кетігін түзетіп енді болды. Осы айдың соңында ақыры басталады. 

Қайрат Қамбаров, қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы:

- Қазір қалада пәтер кезегінде тұрған алты жарым мың жас маман бар. Олардың әр қайсысы осы бағдарламадан үмітті. Бірақ шенділер жобаға тек сегіз санатқа кіретін маман иелері ғана қатыса алады дейді. «Елорда жастарымен» 100-ден аса отбасы ғана баспаналы бола алады. 

Қайрат Қамбаров, қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы:

«Елорда жастары» бағдарламасы бойынша несие 5 процентпен беріледі. Алғашқы жарна көлемі - пәтер құнының 10 проценті. Ипотека 20 жылға қарастырылған. Бірақ "Отбасы банкі" оны 14 жылға дейін кемітіп тастауы да бек мүмкін. Бас қалада басталғалы жатқан жобада бақ сынайтын кімдер? Тұрақты тіркеуі барлар, кемі бір жыл болуға тиіс. Сосын тұрақты жұмыс істейтіндер. Жан басына шаққандағы табысы 140 мың теңгеден аспаса - "Елорда жастары" арқылы үйлі болуға мүмкіндігі зор.

Дастан Сейілханұлы, Ербол Дайыров