Петропавлдағы жылу орталығы қыс мезгіліне дайын

Солтүстік Қазақстан облысында табиғи монополия субъектілері 65 млн теңге артық пайда тапқан.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 10 компания коммуналдық төлемдерін қымбаттатқан кезде мойнына алған міндеттемелерін орындамаған. Енді олар игерілмеген қаржыны тұтынушыларға тарифті төмендету арқылы қайтарып береді. Бұл жолы табиғи монополияларды реттеу комитетінің қызметкерлері Петропавлдағы ең ірі жылу электр орталығының жұмысын тексерді. Кәсіпорын қысқа дайын. Қазір мұнда 12 қазандықтың біреуі, ауыстырылып жатыр. 

Дамир Тоқтамысов, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басқарма басшысы:

- Бұл табиғи монополия субъектілерінің тұтынушыларға көрсететін қызметін және тарифтің қалыптастыру бойынша ашықтығын қамтамасыз етеді. Екіншіден бұл шараның бүгін өткізіп отырғанымыз – әр тұтынушы мына табиғи монополия субъектісі қызметімен таныса арқылы табиғи монополия субъектісінің төлемақысы қайда жұмсағанын біле алады.