Алматыда Тельман Сауранбековтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды

Алматыда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тельман Сауранбековтің құрметіне мемориалды тақта ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тельман Еркінұлы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласты. Ел экономикасы мен құқықтық жүйесінің қалыптасуына, қос палаталы парламенттің құрылуына атсалысты. Қоғамдық ұйымдардың жұмысын ұйымдастыруға үлес қосты. Бар білімі мен білігін, күш-жігерін ел тәуелсіздігінің нығаюына арнады. Былтыр қайтыс болған қайраткердің құрметіне арналған мемориалдық тақтаның ашылуына оның туыстары мен әріптестері жиналды.

Ақан Бижанов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Парламентте болсын, қай салада істесе де, өзінің парасаттылығымен, ақылымен үлкен адамшылық қасиеттерімен ортасында, халық арасында үлкен сыйға ие болған азамат. Ол кісінің биографиясы, өмір жолы мен ойлаймын, артқы келе жатқан азаматтарға, жастарға үлкен үлгі, тәрбие.