Құтқарушылардың зейнет жасын төмендету ұсынылды

Елімізде құтқарушылардың зейнет жасын төмендету керек. Төтенше жағдайлар министрлігі осындай ұсыныс жасап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған себеп, жұмыстың тым ауырлығы әрі психикаға кері әсері. Заңға сәйкес, қазір құтқарушылар 63 жастан құрметті еңбек демалысына шығады. Әйтсе де, сарапшылардың сөзінше, 60 жастан кейін олардың апат орнында әбжіл қимылдап, бұрынғыдай жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Ал сын сағатта өзгенің өміріне араша түсу – қызметтің басты талабы. Сондықтан министрлік мәселенің бір шешімі ретінде зейнет жасын төмендетуді ұсынып отыр.