Қарағанды облысында құмай тазылар жарысы өтті

Қарағанды облысының Атасу кентінде биыл екінші мәрте құмай тазылар жарысы өтті.

Оған ауыл-аймақтардан қарғы баулылардың 40-қа жуығы әкелінген. Төрт аяқтылар 1 шақырым қашықтыққа жарысты. Соңғы уақытта сайыстың бұл түрі өңірде белең алып, қызығушылық тудырып келеді. Тазыны баптаушылар жеңіс тұғырынан көріну үшін тынымсыз еңбек ету керек екенін айтады.

Заңғар Құттыбай, тазы баптаушы:

- 3 итім бар. Ішінде ең жақсы көретінім осы. Бұған да бір күтім керек. Өзінің арнайы тамақтары бар, витамин де беріп тұрамыз. Кешке бір мезгіл серуен де бар. Аңшылыққа да шығамыз. Бұл өзі күшік кезінен алғыр болған. Күшіктердің арасындағы ең жылдамы болатын.