Атырауда эпидахуал жақсарды

Атырауда эпидахуал жақсарды

Атырауда инфекциялық төсек орын саны 30% дейін азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір ауруханаларда науқастарға арналған орын саны 2352-ден 730 орынға дейін дейін қысқарды. Модульді жұқпалы аурулар ауруханасында 99, облыстық ауруханада 6, аудандық инфекциялық стационарларда 33 науқас емделіп жатыр. Ал Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 73 адам жатыр. Осылайша, елімізде тағы бір өңір «жасыл аймаққа» өтті.

Ербол Меңдіғали, қоғамдық денсаулықты сақтау және мемелкеттік бағдарламаларды мониторингілеу бөлімінің басшысы:

– Жалпы, соңғы тәулікте 24 адамнан ғана коронавирус инфекциясы анықталды. Осыған орай жалпы облыс бойынша науқастардың саны аурушаңдық көрсеткішінің төмендеуіне байланысты кереует санын да қысқартып отырмыз. Бүгінгі күні облыс бойынша 211 науқас инфекциялық стационарда ем алуда, оның 14-і реанимация бөлімінде жатыр.