Әскери тұтқын болғандардың барлығы халық жауы ма?

Әскери тұтқын болғандардың барлығы халық жауы ма?

Соғыс кезінде 255 мыңнан аса қазақстандық тұтқынға түскен және оның барлығын халық жауы деу дұрыс емес.

Отандық ғалымдар осындай тоқтамға келді.

1939-1945 жылдардағы жағдайды зерттеп жатқан жұмыс тобы бүгін арнайы семинар өткізді. Оның барысында қазақ даласынан майданға кеткен 1 миллион 300 мыңға жуық адамның жүздеген мыңы әскери тұтқынға айналғаны айтылды. Оның 80 мыңнан астамы қаза тапты. Аман қалғандарының өзі кейін әртүрлі қудалауға ұшырып, біразын түрмеге қамаған, біразын атып тастаған. Туыстарына қатысты да осындай қатаң шаралар қолданылды. Саяси репрессия құрбаны болды. Енді қазақстандық тарихшылар осы жағдайларды, әсіресе бүгінге дейін құпия саналған құжаттарды зерттеп, саралап, бірқатар тың жайттарды анықтап отыр. Оның ішінде Еуропа елдерінде қамауда болған және Түркістан легионының қатарына қосылған жерлестеріміз туралы жаңа деректер көп.