Павлодарда мониторингтік топтардың жұмысына өзгеріс енгізілді

Тексерілетін нысандар қызыл, сары және жасыл түске бөлінбек.

Нақтырақ айтсақ, санитарлық талапты жиі бұзған, шағым көп түсетін объектілер қызыл тізімге кіреді. Қазірдің өзінде бұл тізімге нысандардың 70 проценті еніпті. Енді оларды тексеру күшейеді.

Мамандардың айтуынша, қоғамдық тамақтану орындарында ереже бұзу дерегі жиі кездеседі. Әлеуметтік қашықтық сақталмайды, келушілердің санына шектеу қойылмайды.

Айта кетейік, облыста жыл басынан бері жеті мың рейд өткізілген. 45 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан тексеріліп, 400-ден астам айыппұл салынды. Өңірі әлі «қызыл аймақта» тұр.

Ернұр Жәутікбаев, облыстық кәсіпкерлік және ИИД басқармасының басшысы:

- Біз тексеріс жүргізілетін нысандардың тізімінн өзгертіп отырамыз. Жалпы бұл жұмыстың форматы мен әрекет ату алгоритмі бұрынғыдай болмайды. Топтардың құрамы түбегейлі өзгереді. Қоғам белсенділерін тартпақпыз. Рейд жұмыстары қоғамдық көлікте көптеп жүргізіледі. Бұрынғыдай бір емес, бірнеше топ жұмыс істейтін болады.