Елордада Pfizer вакцинасын салатын орындар белгілі болды

15 қарашадан бастап елордада Файзер вакцинасын егу басталады.

Тиісті әлеуметтік топтарға екпе қаланың медициналық ұйымдарында, ал жасөспірімдерге білім беру мекемелерінде салынады.

Әзірге жүкті, лактация кезеңіндегі әйелдер мен бала емізетін аналар және балаларды вакциналауға қаланың барлық медициналық ұйымдары қатыспайды. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы Файзер вакцинасы салынатын медициналық ұйымдар тізімін жариялады. Яғни, екпе салу науқаны экранда көрсетілген қалалық емханаларда және «Достық» отбасылық денсаулық орталығы, «Жанұя», «Салауатты Астана», «Шипагер», «Кировская» жауапкершілігі шектуелі серіктестіктердің барлық филиалдарында салынады. Қазір аталған ұйымдар арасында вакцина дозалары бөлінген.

 

Сондай-ақ...