Елімізде ревакцинация ережелері бекітілді

Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында жазылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған сәйкес «Спутник V» векторлық вакцинасын алғаннан кейін ревакцинация 9 айдан соң жүргізіледі. Инактивтелген Qazvac, Verocell препараттарын алғандар екінші компоненттен соң 6 ай өткенде осы науқанға қатыса алады. Pfizer-мен егілгендер де 6 айдан кейін ревакцинацияға қатыса алады.

Мамандардың айтуынша, ревакцинация кезінде бұрын салдырған вакцинаны қайта алуға да болады.

Сондай-ақ...