Қазақстанда этно-медиация институтын дамыту қажет

Елімізде этно-медиация институтын дамыту қажет. Ол үшін білікті мамандарды арнайы оқытып, бағдарлама дайындау керек. Қазақстан халқы Ассамблеясындағы Медиация кеңесінің отырысына қатысушылар осылай дейді.

Әзірге елімізде этно-медиация саласын оқытатын оқу орны жоқ. Қазір мұндай медиаторлардың жұмысы өте маңызды дейді мамандар. Себебі медиация дау-жанжалдарды шешудегі тиімді әдістердің бірі. Ал оның артықшылығы – достық қарым-қатынасты сақтай отырып, дауды сотқа дейін реттеу. Жалпы бұл мамандық әлемнің көптеген елінде сәтті жұмыс істеп келеді.

Айгүл Сәдуақасова, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары

– Этно медиация бағытын дамыту үшін Қолданбалы этно саяси зерттеу институтында этно-медиация орталығын құру қажет. Ол үшін мамандар қажет. Оқу бағдарламасы қажет. Жергілікті жерлер, әсіресе, ауылдық жерлерде қажет. Келіссөз жүргізіп, татуластыратын маман қажет. Оған медиатехнологиялық мүмкіндіктерді пайдалану керек.