Бишімбаевтың соты 22 сәуірде жалғасады

Бишімбаевтың ісіне қатысты 13-ші сот отырысы өтті.

Бүгінгі отырысқа Бишімбаевтың туысы, айыпталушы Байжанов Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні телефонмен хабарласқан дәрігер қатысты. Дәрігер Ерсұлтан Сәрсенбаев телефон арқылы сөйлескенде Бишімбаевтың әйелі өлім аузында жатқанынан хабарсыз болғанын жеткізді. Бар білгені Нүкенованың күйеуімен түні бойы ішімдік ішкені белгілі болғанын айтты. Алкогольден улануы мүмкін деген болжам жасаған дәрігер жедел жәрдем шақыруға кеңес бергенін айтты. Сот отырысында айыпталушы Байжанов пен қайтыс болған Нүкенованың телефондары зерттелді. Ал Бишімбаев телефонының құпия сөзін қорғаушысына ғана беретінін жеткізді. Осыдан кейін судъя бұл ұстанымын сотқа беруге бас тартты деп шешті. Келесі сот отырысы сәуірдің 22-не белгіленді.