433,56 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Президент Алматыдағы Әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралады

  • 71
  • UPD: 15:42, 19.11.2021
Президент Алматыдағы Әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралады Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында жаңадан ашылған Әлеуметтік қызмет көрсету үйіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент қызмет көрсету залын аралап көріп, орталықтың күнделікті атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Мемлекет басшысына мекеменің Республика бойынша әзірге жалғыз әлеуметтік орын екені және осы тәжірибені ел көлемінде қолданысқа енгізу қарастырылып жатқаны жөнінде мәлімет берілді.

Бұл мекеме халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарына, тұрмыстық мәселелерімен жүгінген азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша түрлі салада қызмет көрсетеді. Аталған орталыққа тіршілік тауқыметін тартқан, отбасылық келіспеушілік пен қиындықтар көрген азаматтар жүгінетіні ескеріліп, онда адвокат, психолог бөлмелері ашылған. Сондай-ақ мұнда балаларымен келген қонақтарға ыңғайлы болу үшін ойын алаңы да қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы