Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл аймақтан» шыға алмай тұр

Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл аймақтан» шыға алмай тұр

4 желтоқсандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

«Қызыл аймақта»: Солтүстік Қазақстан облысы.

«Сары аймақта»: Нұр- Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары.

«Жасыл аймақта»: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте 686 адам коронавирусқа шалдықса, 1122 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.