ШҚО-да мамандар мұз астына кеткен адамды құтқару тәсілдерін көрсетті

ШҚО-да мамандар мұз астына кеткен адамды құтқару тәсілдерін көрсетті

Шығыстағы жедел құтқару қызметінің мамандары қыста мұз астына түсіп кеткен адамды құтқару тәсілдерін көрсетті.

Бұл үшін бір көлікті суға батырып, ондағы жолаушыларды каскадерлер құтқарды. Ал суға тұншыққан адамды аман алып қалу үшін әрбір секунд маңызды. Сондықтан арнайы техниканың көмегімен құтқару жұмыстары үнемі пысықтауды қажет етеді. Ал аймақта қыста балық аулайтын өзен-көлдер өте көп. Сақтық шараларын сақтамаған жағдайда оның соңы қайғылы жағдаймен аяқталып жатады. Тек былтыр 4 адам мұз астына түсіп кетіп, мерт болған.

Ерік Тұрсынғалиев, облыстық ТЖД Азаматтық құтқару басқармасының маманы:

- Былтырғы 2020 жылы бізде үш машина суға батып мұзға түсіп кеткен. Бірақ ешқандай адам өміріне зиян келген жоқ. Сондықтан алдын алу мақсатында осы жаттығуды көрсетіп, осындай қателікті болдырмауға өз үлесімізді қосып жатырмыз.