«Байқоңыр» ғарыш кешеніндегі нысандар тиімді пайдаланылуы тиіс

Мәселеге Қазақстан мен Ресейдің үкіметаралық комиссиясы назар аударды.

Қос тарап қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру, ғарыш айлағының экологиялық қауіпсіздігін арттыру мәселелері талқыланды. «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құрудың бірлескен жобасына ерекше назар аударды, шаралар тізбесі мен жүзеге асыру мерзімдері белгіленді. Осылайша «Байқоңыр» кешені бойынша жетінші үкіметаралық комиссия жұмысының қорытындысы шығарылды. Кездесу соңында тараптар  «Байқоңыр» кешенінің стратегиялық міндеттерін табысты жүзеге асыру үшін қажетті әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Роман Скляр, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Байқоңыр кешені Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың маңызды саласы. Қос тарап та ғарыш айлағын сақтауға, дамытуға және тиімді пайдалануға мүдделі. Сондықтан қаланың тіршілігін жандандыру және туындаған мәселені уақыт созбай шешу ортақ мақсатымыз. Кешенді дамыту бағдарламасына туристік саланы да қостық. Ол үшін жеке инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз. Екі күнде күн тәртібіндегі барлық мәселені талқылап, ортақ байламдар жасалды.